|
Логикалық есеп
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? • Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады? Логикалық ойын 1.Екі сиырдың мүйізі қанша? 2.Бір мысықтың аяғы қанша? 3.Бес қойдың басы нешеу? 4.Үш адамның қолы нешеу? Сергіту сәті Ал санайық, санайық, Санын біліп алайық Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу Қолымда сонда саусағым нешеу? Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ. Қызықты әзіл-есептер. 1.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? 2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұлқалай? 3. 7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады? 4. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 5. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады? |